Салкимбеков Асанхан Исаханұлы
Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары
Мен, Салкимбеков Асанхан Исаханұлы, 1961 жылы қазан айының 10 жұлдызында дүниеге келдім.
1969-1979 жылдар аралығында Арыс қаласындағы №13 мектеп-интернатта оқыдым.
1980-1983 жылдар аралығында Отан алдындағы борышымды өтедім.
1983-1990 жылдар аралығында Жданов совхозында жұмысшы болып қызмет жасадым.
1985-1989 жылдары Шымкент физкультура техникумын бітірдім.
1990 жылдан бастап осы кезеңге дейін М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.