Балкибекова Гульмира Конысбековна
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Мен, Балкибекова Гүлмира Қонысбекқызы, 1975 жылдың 24 тамызында Шымкент облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім.

Білімім және алғашқы білім жолы:
1981–1991 жылдары Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы қазақ орта мектебінде білім алдым.
1991–1992 жылдары Шымкент қаласындағы «Домалақ ана» атындағы араб тілі сауат ашу мектебінде оқыдым.

Еңбек жолым:
1992–1995 жылдары Арыс қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы қазақ орта мектебінде араб тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім.
1995 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1999 жылы «Спорттағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білімді тәмамдадым.
2000 жылы Арыс қаласындағы «Арыс» теміржол колледжінде «Маркетинг негіздері» пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқардым.
2000 жылдың қазан айынан 2002 жылға дейін М.Әуезов атындағы көпсалалы гимназия мектебінде «Экономика білім негіздері» пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.
2002–2006 жылдары осы мектепте педагог-психолог қызметін атқардым.
2006 жылы М.Әуезов атындағы көпсалалы гимназия мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалып, осы күнге дейін қызметімді жалғастырып келемін.
Біліктілігім, курстарым және жетістіктерім:
  • 2021 ж. – «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығында «Тарих пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» (80 сағат) курсын аяқтадым.
  • 2022 ж. – «Өрлеу» орталығында «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» (80 сағат) курсын тәмамдадым.
  • 2022 ж. – Педагогикалық шеберлік орталығында «Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту: отбасы, мектеп, мансап» (80 сағат) бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өттім.
  • 2022 ж. – «Екінші біліктілік санатты басшының орынбасары» біліктілік санаты берілді.
  • 2022 ж. – «Arys aqiqaty» республикалық ақпараттық-сараптамалық газетінде «Білім дариясының кеменгері» мақаласы жарияланды.
  • 2023 ж. – Республикалық «Тағылым» ғылыми-әдістемелік журналында «Қазақстан тарихы пәнінде оқушылардың жоғары ойлау дағдыларын дамыту іс-тәжірибесінен» мақалам жарық көрді.
  • 2023 ж. – «Arys aqiqaty» газетінде «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты мақалам жарияланды.