Аширбеков Қанат Сапаргалиевич
Педагог-психолог
Мен, Аширбеков Қанат Сапарғалиевич, 1980 жылдың 2 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекенінде дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін.

Білімім:
1986 жылы Байырқұм елді мекеніндегі М.Мәметова атындағы орта мектепке 1-сыныпқа қабылданып, білім алдым.
1997 жылы Жиделі ауылындағы Жиделі орта мектебінің 11-сыныбын аяқтадым.
1998 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы бітіріп шықтым.
2008–2010 жылдары Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде «Педагог–психолог» мамандығы бойынша сырттай жоғары білім алдым.

Еңбек жолым:
2002 жылы қыркүйек айында Жиделі орта мектебіне биология пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
2005 жылы өз өтінішіммен жұмыстан босап, Арыс қалалық білім бөліміне биология пәнінің әдіскері болып орналастым.
2006 жылы ақпан айында М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясына педагог–психолог ретінде жұмысқа қабылданып, осы күнге дейін қызмет атқарып келемін.

Жалпы еңбек өтілім: 22 жыл.

Отбасы жағдайы:
Үйленгенмін. Мен және менің жақын туыстарым сотты болмаған.

Тұрғылықты мекенжайым:
Арыс қаласы, Б.Онтаев көшесі, 88-үй.